04.08.2023
10:44
1209
Шуда есірткі дайындаған 51 жастағы шопан ұсталды

Шуда есірткі дайындаған 51 жастағы шопан ұсталды

Шу ауданында 51 жастағы малшы есірткі дайындау кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Қарасора – 2023″ жеделалдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.