Шучинск тұрғыны «Қазақстан халқына» қорынан жаңа протез алды

15 Қараша 2022, 17:44 1562

Бір жарым жыл бұрын аяғынан айырылған жігіт, қайтадан жүріп-тұруды үйреніп келеді

«Қазақстан халқына» қорының балалар мен жастарды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 47 азамат жаңа протездерге ие болды, деп хабарлайды El.kz.

Солардың бірі - Щучинск қаласының тұрғыны 26 жастағы Юлиан Левченко.

Бір жарым жыл бұрын аяғынан айырылған жігіт, қайтадан жүріп-тұруды үйреніп келеді.

Жақында Юлианға модульдік заманауи протезі табысталды. Қаңқалы гильза көміртектен жасалған, ішінде жұмсақ пластик бар, сонымен қатар жиынтықта көміртекті аяқ және гидравликалық тізе модулі бар, барлық компоненттері ылғалға төзімді. Протезбен су процедураларын да қабылдауға болады.

"Жаңа протез маған оңай қозғалуға және жұмыс істеуге мүмкіндік берді, мен белсенді өмір салтына оралдым. Жұмысты бұрынғыдай жалғастырдым, 100% спортпен шұғылдана аламын. Кез келген адам мұндай протезді алуға мүмкіндігі жоқ. Аяқ-қолын жоғалтып, ампутациялағаннан кейін қалыпты өмір сүру деңгейіне, қалыпты жұмысқа қайта оралу өте қиын. "Қазақстан халқына" қоры мен  протез жасаған Оттобок компаниясына алғысым шексіз", - дейді Юлиан.

Жаттығулар арқасында Юлианның жаңа протезбен қадамы нық.  Айтуынша, енді 12 сағатқа дейін жұмыста бола алады. Белсенділік пен үнемі жүруді қажет ететін жұмысты тиісті деңгейде атқаруда. Спортты қатар алып жүріп, 5 шақырымға дейін еркін жүре алады. Төртінші қабаттағы пәтеріне де  баспалдақпен еш қиындықсыз көтеріліп жүр. Бұрын протез алмай тұрып, мұндай жүктемеден аяғы қанап, әрбір 100 метр сайын тоқтап, дем алу керек болатын.

Протездік-ортопедиялық бұйымдарды дұрыс таңдау үздіксіз оңалту жүргізуге,  қозғалыс бұзылыстары бар адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен белсенділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қайталама асқынулардың дамуын болдырмау үшін қажет.

Юлианның модульдік протезінің құны 9 миллион теңге. "Қазақстан халқына" қорының қайырымдылық бағдарламасы жергілікті өндірушілерден әрбір пайдаланушының қажеттіліктерін ескере отырып дайындалатын протездік-ортопедиялық бұйымдарды сатып алуды көздейді. Бағдарламаны іске асыруға 1 млрд 568 млн теңге бөлінді. Бағдарламаның серіктестері - "Medicare International" отандық өндірушісі және "Фармас" ЖШС.

EL.KZ
Бөлісу: