Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті

3 Қараша, 13:14 510

Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 03.45 шамасында Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: