7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Облыстық табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Шу ауданы бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Тасөткел су қоймасының жағасынан 47 жастағы Шу қаласының тұрғыны аулаған жалпы салмағы 100 келіге жуық 5 қапқа салынған әртүрлі балықтар мен резеңке қайық табылды.
Ер адамның айтуынша, ол балық ауламаған, бірақ одан әрі сату үшін балықшылардан сатып алған.
Ер адамға балықты заңсыз сатып алғаны үшін ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар облыстық балық шаруашылығы инспекциясына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
Тәртіп бұзушы мемлекетке келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті әуесқой балық аулау тиісті ережелермен егжей-тегжейлі реттелетінін ескертеді. Балық аулаудың бұл түрі ауланған балықты жеке тұтыну үшін рұқсат етіледі. Сондай-ақ, балық аулау ережелері белгілі бір жабдықты пайдалану қажеттігін қарастырады: балық аулау қармақтары, су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар, торлар, аулар (1 балық аулаушыға 3 данадан аспайды), сондай-ақ жолдама мен рұқсат алу. Жолдамалар 7 күнге дейінгі мерзімге беріледі, бұл ретте бір балықшыға тәулігіне 5 келіден аспайтын балық аулауға рұқсат етіледі. Жолдамалар нөмірленеді, өйткені бұл қатаң есептегі құжаттар. Жолдамаға eGov.kz. сайтында онлайн тапсырыс беруге болады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?