29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖамбыл облысындағы Шу қаласында 39 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Бұл жолы баспанаға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар ие болды. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, бұл күнді отбасылары үшін тарихи әрі жарқын сәт деп бағалады.
8 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымыз орындалды. Балаларым енді өз үйімізде қуанышпен өмір сүре алады, – деді жаңа қоныс иесі Айгерім Жайлыбекқызы.
Айта кетейік, бүгінде Шу ауданында 1900 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларға 50-ден астам баспана салынып, кілттері иелеріне табысталған болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек