08.06.2025
20:42
1108
Шу ауданында 39 отбасыға жаңа пәтер берілді

Шу ауданында 39 отбасыға жаңа пәтер берілді

Жамбыл облысындағы Шу қаласында 39 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Бұл жолы баспанаға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар ие болды. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, бұл күнді отбасылары үшін тарихи әрі жарқын сәт деп бағалады.

8 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымыз орындалды. Балаларым енді өз үйімізде қуанышпен өмір сүре алады, – деді жаңа қоныс иесі Айгерім Жайлыбекқызы.

Айта кетейік, бүгінде Шу ауданында 1900 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларға 50-ден астам баспана салынып, кілттері иелеріне табысталған болатын.