24.08.2025
21:27
419
Штаб құрылды: Түркістан облысында қойма өртеніп жатыр

Штаб құрылды: Түркістан облысында қойма өртеніп жатыр

112 құтқару пультіне Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент аулында қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Төтеншеліктердің алғашқы легі оқиға орнына келген кезде алапат жалын өршіп, қойма шатыры құлаған. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеуде.

Өрт сөндіру штабы құрылды. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстары оттегі мен жылу сәулесінің жоғары болуынан және қатты түтінмен үлкен алаңға өрттің қарқынды таралуымен күделеніп отыр.

Оқиға орнына жеке құрамның 28 адамы және 8 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.