ШҚТУ ғалымдары роботтарды үйрете бастады

28 Желтоқсан 2023, 20:33 727

Қазір ШҚТУ ғалымдары жасанды интеллекті дамыту барысында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Көз алдымызда жаңа дәуір туып келеді. Жасанды интеллект технологиясы революциялық жаңалыққа айналды. Бір кезде электр мен интернеттің пайда болуы да осындай дүмпу тудырған болатын. Енді жаңа технология адамның өмір салтын өзгертіп, көптеген қызметтік үрдістерді автоматтандырып, өзінің ауқымына сай экономикалық құндылықтарды қалыптастырады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge-2023 форумында.

Жасанды интеллект ғылым және технологиямен, компьютерлік бағдарламалармен тығыз байланыста. Ал робототехника электроника, механика, кибернетика, телемеханика, мехатроника, информатика, радиотехника және электротехника ілімдеріне негізделеді. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары мен қызметкерлері бұл бағыттардың барлығына арқа сүйейді.

Биыл, Ғылым және жоғары білім министрлігінен "Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар" басымдығы бойынша гранттық қаржыландырудың арқасында «Автоматты басқару және жылжымалы роботтардың инерциялық навигациясындағы машиналық оқыту әдістері» атты жаңа жоба бастадық, – дейді физика-математика ғылымдарының докторы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры Дарья Алонцева.

Жоба үш жылға көзделген және негізгі мақсаты – мобильді робот кеңістігінде басқару және навигация алгоритмдерін әзірлеу.

Ғалымдар модульдік конструкциялардағы доңғалақты роботтарға ден қоюды жоспарлап отыр (мобильді басқарылатын платформа құру). Жоба ерекшелігі - навигация міндеттеріне машиналық оқыту әдістері пайдаланылатын болады (бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін түбегейлі жаңа тәсіл болып табылады). Кеңістікте бағдарды анықтауға мүмкіндік беретін миниатюралық электромеханикалық датчиктердің деректер пайдаланылады (шамамен қазіргі смартфондарда орнатылған). Ғалымдары нақты навигацияға машиналық оқыту әдістері мен нейрондық желілерді қолданып, мүлдем жаңа алгоритм дайындайды. Кейін роботты басқару тетіктерін әзірлеуге және оның қозғалысын бағдарламалауға болатын арнайы компьютерлік модельдеу ортасы құрылады. Соңғы кезеңде барлық механизм полигондағы сынақтан өтеді. Яғни, модульді жинап, оны борттық компьютерден басқару үшін роботты қосымша камералармен жабдықтайды.

Жобаны іске асыру барысында анықталған шешімдер тек робототехника мен электроникада пайдаланылмайды. Машиналық оқыту, инерциялық навигация бағытында жаңа құзіреттер құрылады. Тәжірибелік платформаны навигация міндетінде операторларды үйрету үшін, студенттерді оқытуға пайдалана аламыз. Бұл еліміз үшін жаңа ілім, – дейді Дарья Алонцева.

Аталған міндеттерді ШҚТУ-дың 12 қызметкері атқарса, оның ішінде - төртеуі PhD докторанты. Жоба университеттің ғылымын дамытуға көмектесетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, жоба аясында «Басқаруды автоматтандыру» мамандығы бойынша PhD диссертациясы қорғалып, болашақта студенттер мен инерциялық навигация мамандарын оқыту процесінде пайдалануға болатын монография шығару жоспарлануда. Бұдан бөлек, қызметкерлер пайдалы модельге өтінім беріп, патент алды және комитет ұсынған «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ хабаршысы» басылымында мақала жариялады.

Айта кетейік, Дарья Алонцева бүгін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» байқауының жеңімпазы атанды.

Берік Арманов
Бөлісу: