ШҚО тұрғындары қант аламыз деп 30 млн теңгеге алданып қалды

Кеше, 14:56 315

Қант алмақ болған ШҚО тұрғындары 30 млн теңге шығынға батты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, полицияға облыстың 19 тұрғыны өтінішпен жүгінген. Оларға әйел қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Жалпы шығын шамамен — 30 млн теңге.

Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: