29.03.2024
13:45
1245
ШҚО құтқарушылары су басқан жолдан тұрғындарды өткізіп жатыр

ШҚО құтқарушылары су басқан жолдан тұрғындарды өткізіп жатыр

Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қар қатты еру салдарынан, бұлақ үстіндегі көпірдің бетонды конструкцияларын шайып кеткен, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ТЖД күштерімен жолдың су басқан бөлігінде тұрғындарды қайықпен тасымалдау ұйымдастырылды. Соңғы екі күнде жергілікті тұрғындардан 60-тан астам адам тасымалданды.