ШҚО полицейлері Франциядан келген саяхатшылар отбасына көмектесті

11 Шілде, 17:03 657

Француз саяхатшысы Никола Рабаскино жұбайы және екі қызымен бірге Еуропа мен Азия жолдарын бойлай автоүйде саяхаттайды. Ресей Федерациясының жерлерін зерттеген олар Шығыс Қазақстан облысы арқылы еліміздің оңтүстігіне бет алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ер адам Тарбағатай патрульдік полициясына өзінің автоүйінде полиция бөлімінің жанында түнеп шығу туралы өтініш білдірген. Тәртіп сақшылары қазақы қонақжайлық танытып кешкі асқа шақырған.

Полицияның арқасында ешқандай қауіп жоқ. Тіпті бізді қонаққа шақырды, - деді Никола өз блогында.

Тәртіп сақшылары француз туристерінің барлық құжаттары дұрыс заңдастырылғанын және олардың тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталмағанын атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: