Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ауласында есірткі сақтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлан ауданында “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында жедел уәкілдер есірткі сақтау фактісін анықтады.
54 жастағы ауыл тұрғынының ауласынан салмағы 200 грамнан асатын есірткі табылды. Сараптамаға сәйкес заттай дәлел ретінде алынған зат марихуана екені расталды. Жауап алу кезінде күдікті есірткі затын сату мақсатында емес, жеке пайдалану үшін сақтағанын мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.