7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?28 сәуір мен 8 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қолдау көрсету мақсатында «Ардагерім – ардағым» акциясын ұйымдастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл бұл игі бастамаға 300-ден астам волонтер қосылып, ардагерлерге көмек көрсетуге бағытталған түрлі іс-шараларға белсене қатысуда.
Акция аясында аймақта 24 іс-шара өткізілді. Оның ішінде ардагерлердің үйінің ауласы тазартылып, тыл еңбеккерлері мен ардагерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табысталды. Волонтерлер тек іс жүзінде көмектесіп қана қоймай, әрбір ардагерге ерекше көңіл бөліп, қамқорлық пен құрмет білдірді, - деп жазылған ШҚО әкімдігі таратқан мәліметте.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция аясындағы жұмыстар жалғасын табады және ауқымы ұлғая түседі. Белсенділер батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, азаттық пен болашақ үшін күрескен жандарға қолдау көрсетудің маңызын атап өтуде.
Айта кететін жайт, «Ардагерім – ардағым» акциясы 8 мамырға дейін жалғасып, аудандық деңгейдегі елді мекендерді де қамтиды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?