ШҚО елдімекендеріне және Абайоблысына арнайы құтқарушылар тобы аттанды

30 Наурыз, 02:25 679

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына байланысты Жетісу облысынан арнайы топты Абай облысына аттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Абай облысына кетті. Жеке құрам өңірдегі су тасқынының алдын алуға бағытталған, - деді министрліктің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, 26 әскери қызметші мен 2 бірлік техникадан тұратын жиынтық-құтқару батальоны Өскемен қаласынан Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданына қарасты Большенарым кентіне су басу қаупінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында жіберілді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: