ШҚО-дағы су қоймаларында 2 мыңнан астам рейд өткізілді

6 Тамыз, 03:28 509

Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде шомылу орындары бойынша қауіпсіздік рейдтерін жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД қызметкерлерінің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, өңірде «жабайы жағажайларда» 3 адам суға, оның ішінде 1 бала батып кетті. Адамдар демалыс үшін түбі тексерілмеген, ағысы қатты су қоймаларын таңдаудан қорықпайды, соның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алады.

Жазда 22 көпшілік демалатын және 74 тыйым салынған жер анықталды. 1 муниципалдық жағажай (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы - 2, Риддер қаласы - 1, Алтай ауданы - 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді.

Облыстың су қоймаларында патрульдеу мен рейдтер күн сайын жүргізілетінін атап өткен жөн. Құтқарушылар демалушыларға жаднамалар табыс етіп, азаматтарға суда жүру ережелерін жеткізеді. Суға шомылу маусымы басталғалы бері барлығы 2100-ге жуық рейд өткізілді.

«Демалушыларға шомылу үшін тек жабдықталған орындарды ғана таңдауға, су қоймаларында тыйым салатын белгілерді ескеруге шақырамыз, өйткені бұл жерлерде ағыс, шұңқырлар мен бұрылыстар күшті. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты тұлғалар мен азаматтар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: 364 - жалпы суды пайдалану ережелерін бұзу және 412 - су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау», - деп ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы атап өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: