Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.
Ол таңғы сағат 7.17-де Калинина көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейбіреулер полицияға оның Үбе өзеніне қарай бара жатқанын көргенін жеткізді.
Сол күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғанын әлі белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді, - делінген ақпаратта.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары