ШҚО-да заңсыз пиротехниканы сату орындары бойынша рейдтер жүргізілуде

27 Желтоқсан 2023, 04:28 755

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай, полиция және техникалық реттеу және метрология департаменттерінің қызметкерлері өңірде сертификатталмаған пиротехниканы сатумен күресуге бағытталған 60-қа жуық рейд жүргізді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі. 

Профилактикалық іс-шаралар барысында отшашуларды іске асыруға лицензияның бар-жоғы тексеріледі. Өңірде 43 рейдтік топ құрылды, олардың жұмыстарының нәтижелері бойынша 559 дана контрафактілік өнім тәркіленді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабы 1-бөлігі бойынша 13 хаттама жасалды. Өскемен, Алтай, Ридерр қалаларында, Күршім, Зайсан, Шемонаиха, Катонқарағай, Глубокое және Тарбағатай аудандарында заңсыз сату нүктелері анықталды.​

Пиротехникалық бұйымдардың бөлшек саудасы тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, павильондарда және дүңгіршектерде жүргізіледі. Үй - жайлардың орналасуы штаттан тыс жағдайларда адамдарды эвакуациялауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге кедергі келтірмеуі тиіс, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, өңірде лицензиясы бар 4 заңды тұлға тіркелген. Пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс және лицензиясы мен рұқсаты жоқ адамдардың ашық сөрелерден, автокөліктерден, шатырлардан, қолда және өткелдерден сатуына қатаң тыйым салынады. ​ ​

ШҚО ТЖД отшашулар сатып алғанда мыналарға назар аудару қажет екенін еске салады: Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру үшін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу қажет. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер тауар мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін болуы керек, жыртылмауы керек. Ғимараттар мен пәтерлерде отшашуды бастамаңыз. Тұрақта тұрған автомобильдер мен ғимараттардың жанында салюттерді атуға болмайды. Іске қосу радиусында 50 метрде өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Балаларға петардаларды іске қосуға қатаң тыйым салынады.

Берік Арманов
Бөлісу: