ШҚО-да заң талаптарын бұзған кәсіпорынға 45 млн айыппұл салынды

13 Қаңтар, 01:29 827

Шығыс Қазақстанда облыстық Экология департаменті «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның қорындысын жариялады. Нәтижесінде кәсіпорынға 45 млн-нан астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру жүргізу кезінде департамент қызметкерлері кәсіпорынға барып, шығарындылар көздерінде өлшеулер жүргізген. Нәтижесінде күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді бойынша нормативтердің асып кетуі белгілі болған. Күйдіру цехындағы учаскеде сору түріндегі шығарудың рұқсат етілмеген көзі анықталған. Бұл құқық бұзушылық үшін 1 380 000 теңге сомасына айыппұл салынған.

Өлшеу нәтижелері бойынша өнеркәсіптік шығарындыларды сынау хаттамаларына сәйкес ИЗА-0225 көзінде күкірт диоксиді бойынша 47,685 г/с (2,9 есе), ИЗА-0003 көзінде күкірт диоксиді бойынша 236,86 г/с (2,3 есе) және көміртегі оксиді бойынша 599,41543 г/с (3,4 есе), Иза-0001 көзінде күкірт диоксиді бойынша 38,3855 г/с (1,2 есе) және көмірқышқыл газы бойынша 43,932 г/с (1,2 есе) анықталды. Осы құқық бұзушылықтар үшін 43 939 572 теңге айыппұл салынды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 45 319 572 теңгеге айыппұл салынды делінген департамент мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: