10.03.2024
22:07
1075
ШҚО-да үш адам газдан уланып қайтыс болды

ШҚО-да үш адам газдан уланып қайтыс болды

Облыстық ТЖД мәліметінше, ШҚО-ның Ұлан ауданында 1950 жылы туған әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ауруханаға сол әйелдің 1973 жылы туған ұлы жеткізілді. От жағу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмай, екеуі де газдан уланып қалған.

Шемонаиха ауданында да осындай жағдай болды. Камышенка аулында 58 жастағы әйел мен оның 35 жастағы ұлы иіс тиіп қайтыс болды. Ауыр жағдайда тағы 38 жастағы тағы бір ер адам ауруханаға жатқызылды.