20.09.2024
19:33
974
ШҚО-да тұрғын үй мен гараж өртенді

ШҚО-да тұрғын үй мен гараж өртенді

Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үй мен гараж өртенді. Оқиға Глубокое кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндірушілер 54 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережеленің бұзылуы.  

Осы ретте облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және электр сымдарындағы ақауларды уақытылы жоюды  сұрайды.