ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерді полиция қауіпсіз жерге бастап барды

10 Қаңтар, 19:18 715

ШҚО полицейлері көшкін салдарынан жолда қалып қойған көліктер колоннасын алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қар үйіндісі Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысын 2 сағаттан астам уақытқа бөгеді. Автожолдың 63-ші шақырымында таудан қар көшкіні түскені туралы хабарлама алғаннан кейін, взвод командирі Шахмұрат Ержанов жол қозғалысының шектелуіне байланысты көліктер жинала бастаған жерге қарай бет алды.

Тәртіп сақшысы мүмкіндігінше жолды босатуға тырысып, басқа автокөлік жүргізушілерімен бірге жолды тазартуға кірісті. Жол аздап тазартылып кеңейтілген соң, полиция капитаны Ержанов өзінің патрульдік көлігімен 30-дан астам көлікке ілесіп жүріп, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді, ары қарай жүргізушілер өз бағыттары бойынша жол тартты.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: