ШҚО-да қар көшкіні қаупі сейілмей тұр

6 Желтоқсан 2022, 21:18 923

Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 арнасына қоңырау шалыңыз

Облыстың таулы аудандарында көшкін жүру қаупі әлі де бар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, жауын-шашынның мен желдің күшеюіне байланысты 6-8 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар. Бұл туралы Altaynews жазды.

Осы кезеңдерде таулы аймақтарға баруы кейінге шегеруді ұсынамыз. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Егер жолда болсаңыз ондай жерлерде тоқтап тұрмауға кеңес береміз. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 арнасына қоңырау шалыңыз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

EL.KZ
Бөлісу: