18-21 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында өткен «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» іссапары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 26 операция мен 150 консультация өткізді. Сондай-ақ, арнайы Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері мен бизнес өкілдері үшін 9 презентация мен 6 шеберлік сабағына 1000-нан астам тыңдаушы қатысты.
20 сәуір Делегацияның сапары Өскемен қаласындағы Көпбейінді онкология және хирургия орталығының жұмысымен, КТ кабинетімен және ахуалдық орталықты аралаудан басталды. Сондай-ақ Медорталық өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталық дәрігерлерімен және операция жасалған пациенттермен жеке жүздесіп, инновациялық медицина бөлімшесін аралады. Медициналық орталық мамандары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына барып, онда кардиохирургия, қантамырлық хирургия, гинекология мен қабылдау бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
18 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 34 жетекші маманы халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі технологиялық операциялар жасап, аймақтың дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сабақтарын, тренингтер өткізуде.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Өскемен ауруханаларында өткізген консультацияларына науқастралы қабылдады. Анық болғандай, өңірде эндокринология, кардиология және нейрохирургия саласы мамандарының өткір жетіспеушілігі бар екен.
Шығыс Қазақстан облысында медицина тарихи тұрғыдан мықты, бірақ қазір жекелеген мамандардың жетіспейтінін көрдік. Маған кардиолог ретінде жүрек патологиясы бар науқастар көрінді, олар өздерінің жергілікті дәрігерлерінде бақылаунда, алайда өзінің диагнозын салыстырып, талдау жүргізу үшін балама пікірді қажет етеді, бұл қалыпты жағдай. Осынша науқас болады деп тіпті де ойламаппыз, адамдар таңғы жетіден бастап бізге қабылдауға жазылып жатты, - деп әңгімеледі СОВМИН ауруханасының дәрігер-кардиологы Балауса Маханова.
Іссапардың соңғы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл өңір тұрғындарына дәрігерлерден тегін кеңес алуға, cанаторийлік-курорттық ем алуға, медициналық оңалтуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Келісім өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды меңгеру, диагностикалау, ауруларды алдын алу, медициналық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.
«ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы отандық медициналық туризмді дамыту, еліміздің өңірлерінде денсаулық сақтау саласының жаңа медициналық технологияларын енгізу, сонымен қатар тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.