29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПолицейлер заңсыз аң аулаған Алтай ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, Алтай ауданы ауылдарының бірінің маңында тас жолдың бойында 30 жастағы азаматтың басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылып, оның жүксалғышынан жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің еті табылып, тәркіленді.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ оптикалық көздегіші және белбеуі бар ойық ұңғылы Сайга маркалы қаруы , 8 дана патрондары бар дүкен, ағаш сабы бар пышақ, және еттен оқ тәркіленді, - деп мәлімдеді полициядан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаруымен заңсыз аң аулаумен айналысқан 69 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Осы дерек бойынша тәркіленген ұшаға сараптама, сондай-ақ баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жауап алу кезінде ер адам өзінің іс-әрекетін мойындады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек