ШҚО-да өрт кезінде 35 адам эвакуацияланды

28 Тамыз, 09:20 685

Өскемен қаласында он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен түтін аймағынан 35 тұрғынды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.

Қызыл жалын 25 шаршы метр алаңды шарпыған, ол толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: