ШҚО-да мемлекеттік сатып алу саласында алдын ала сөз байласу фактісі анықталды

28 Ақпан, 19:28 627

Антикор желіде таралған мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы ықтимал сөз байласу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіздердің көптеген сұрауларыңызға байланысты жемқорлыққа қарсы волонтердің мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының «Самар-Вет» ШЖҚ КМК тапсырыс берушісі мен қызмет көрсетуші арасында ықтимал сөз байласу фактісін анықтағанын хабарлаймыз.

Аталған ақпарат жұмысқа алынды, - делінген мәліметте.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша конкурс тоқтатылды.

Сонымен қатар бұл дерек ШҚО бойынша СЖҚҚ есепке алу кітабына тіркелді, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі тәртібінде аймақ әкімінің аппаратына және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: