31.05.2024
18:35
1023
ШҚО-да каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті табылды

ШҚО-да каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 шақырым қашықтықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кетті.

«Жер-2024» оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішіндегі өмір белгілері жоқ жүргізушіні алып шықты.