ШҚО-да газ стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды

26 Маусым 2023, 12:44 1173

Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адам көз жұмды.

Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, - делінген ақпаратта.

Ал ер адам мен әйелдің жағдайы жақсарып келеді.

Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан адамдарды күйік шалған еді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: