29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШҚО-да бақшасында көкнар өсірген азамат құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлеріне облыс орталығына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны бақшасында есірткілік көкнәр өсіретіні туралы ақпарат түскен.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 49 жастағы күдікті азаматты анықтап, ұстады.
Оқиға орнын шұғыл тінту кезінде 76 түп есірткі өсімдігі, екі тостаған мен үш шприц, сондай-ақ өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Тәркіленген өсімдіктерге сараптама тағайындалды. Күдіктінің айтуы бойынша, ол өсімдіктерді өзі тұтынуы үшін өсірген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек