ШҚО-да әйелін қорқыту үшін полицияға жалған арыз түсірген ер адам сотталды

18 Тамыз 2023, 10:30 1073

Шығыс Қазақстан облысында әйелін қорқыту үшін полицияға жалған арыз түсірген ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған арыз түсіргені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам әйелін қорқыту үшін осындай қадамға барған.

Азамат жұбайымен телефон арқылы сөзге келісе алмай қалған. Отбасындағы автокөліктің иесі болған әйелі оған көлікті жеке мақсаттарына жиі пайдаланатынын айтып сөккен. Соған ашуланған күйеуі ағасына хабарласып, көлікті гаражына жеткізіп беруін өтінді. Кейін полицияға көліктің ұрланғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары ер адамға жалған хабар беріп жатса ҚР ҚК-нің 419 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерткен. Алайда ол мұны елемей, заңға қайшы әрекетін қасақана жалғастырды. Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр, - делінген ақпаратта.

Равиль Ашығали
Бөлісу: