14.06.2023
17:10
1250
ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге тыйым салынған, - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдері, күдіктінің неше жаста екенін де айтпады. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында болған.