ШҚО-да 5 адам кенеден ауру жұқтырды

14 Маусым, 09:15 415

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам кене энцефалиті мен боррелиозге шалдықты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Осы күнге дейін қансорғыш 2400 адамды шаққан. Оның 30 пайызы балалар.

Кене адам денесіне іліккен соң шағатын жерді 40 минуттай іздейді. Сондықтан табиғатта демалған кезде үсті-басты жиі қарап тұру керек деп ескертеді мамандар.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан, Күршім, Глубокое, Самар, Ұлан аудандары кене шағу қауіпті аумақтарға жатады. Осы аумақтарда кене энцефалитіне қарсы күрес жұмыстары міндетті түрде атқарылады, - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев 24.kz-ке берген сұхбатында.

Жалпы ауру тарататын кенелер таулы, орманды алқаптарда жиі кездеседі. Қазір 667 гектар аумақ зарарсыздандырылды. Енді өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі қыркүйек айына жоспарланған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: