515.03
584.82
6.24

ШҚО-да 3 жасар бала суға батты

©El.kz
2 Маусым 2024, 19:00 1126

Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала суға батып кетті. Оқиға бүгін 2 маусымда Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша 2021 жылы туған бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған.

Облыстық ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. 

Зарина Арман
Бөлісу: