ШҚО-да 20 жастағы тұрғыннан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

22 Мамыр, 00:29 518

Полицейлер ШҚО-ның 20 жастағы тұрғынынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы ПД-ның жедел уәкілдері есірткі сататын интернет-дүкеннің  “қаптамашысын” ұстады. Күдіктінің пәтерінен полиция қызметкерлері таблеткалар мен ұнтақ заттар бар бірнеше целлофан пакеттерін тауып, тәркілеген.

Полиция 960 грамм мефедрон, 50 грамнан астам экстази, сондай-ақ “тұз” деген атпен белгілі 70 грамнан астам альфа-PvP есірткі заттарының айналымының алдын алды.

Айта кету керек, мефедронның бұл мөлшері 3200-ден астам бір реттік дозаны өндіруге жеткілікті. Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Перизат Саденова
Бөлісу: