ШҚО-да 2 жасар бала суға батып кетті

5 Мамыр, 17:41 677

Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болған.

2022 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, Садыр көліне құлап, батып кетті.

ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Балаларды су айдындарында ойнауға жібермеу қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: