ШҚО әкімі Риддер жылу электр орталығын дұрыс тексермеген мамандарды сынға алды

9 Желтоқсан 2022, 19:49 1255

Бұл туралы әкім өзінің желідегі парақшасында жазды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

"Бүгін қалалар мен аудандардың әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өтті. Оған ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысты. Ағымдағы жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмағанына назар аударғым келеді. Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолдады, онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады.

Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелді. Бүгінде Департамент Риддер ЖЭО басшылығы 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданғанын мәлімдейді. Осылайша, ведомство жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігімен немқұрайлылығын танытып отыр.

Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады. Олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмау керек деп санаймын", - деп жазды Даниал Ахметов Instagram парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

EL.KZ
Бөлісу: