Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Францияның Сен-Мор-де-Фоссе қаласында өткен Challenge Monal турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің шпагашылар турнирдің жартылай финалына дейін сүрінбей жетті. Алайда, сол кезеңде Франция құрамасы 36:45 есебімен жол берді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Израильмен кездесіп, еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Аталған сында Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай қорғады.
Осы төрт спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында да бақ сынайды.