Шойгу Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларын күшейтетінін айтты

25 Тамыз 2022, 05:36 1434

Шойгу Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды жылы қабылдайтынын айтты.

Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы әскери базаларының дайындығын күшейтеді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің Қырғызстан және Тәжікстандағы әскери базалары, сонымен бірге дағдарыс жағдайларына жауап беретін өзге де күштердің дайындығын арттырамыз - деді Шойгу.

Ресей қорғаныс министрінің сөзіне қарағанда, "Әл-Қаида", "Ислам мемлекеті" сияқты халықаралық террористік ұйымдар жанданып жатқан Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияға қауіп төндіреді..

Қарулы қақтығыс жалғасып жатқан елде әлеуметтік-экономикалық жағдай да нашарлап жатыр, діни радикализм идеолгиясы орнығып, есірткі трафигі мен трансшекаралық қылмыс жанданып жатыр - деді ол.

Шойгу Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша кез келген халықаралық бастамаларды жылы қабылдайтынын айтып, Орталық Азия аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайтынын жеткізді.

Қырғызстанда Ресейдің біріккен әскери базасына төрт нысан кіреді: Кант авиабазасы, Қаракөл қаласындағы сынақ базасы, Чалдовар елді мекеніндегі байланыс торабы және Майлысу қаласындағы автономды сейсмикалық пункт. Бұрын бұл нысандар жеке өмір сүрген, бірақ 2012 жылы Қырғызстан мен Ресей аталған нысандарды біріктірді.

EL.KZ
Бөлісу: