20.07.2022
20:44
3093
Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен бейресми кездесу өткізді

Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен бейресми кездесу өткізді

Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.