«Shine Muscat» жүзімі қауіпті ме? АШМ мәлімдеме жасады

21 Қараша, 11:20 409

Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: