Шілдеден бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

17 Маусым, 05:39 711

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады. Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

"Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды", – деп нақтылады комитет.

Белгілі болғандай:

Жол картасын іске асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар былай ұлғаяды:

Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Зарина Арман
Бөлісу: