19.06.2023
14:55
1939
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Астана күнінде төрт күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы үшін 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.

Демалыс күні 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдеге, яғни жұмаға ауыстырылды, ал 1 шілде жұмыс күні болады.

Жалпы шілде айында қазақстандықтар барлығы 11 күн демалады.