22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында бір жарым жасар қыз бала ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің анасы журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында баласын балабақшадан алып кеткен кезде бетінің ғана тістелгенін айтқан тәрбиешілер арқасындағы іздер туралы ескертпегенін жеткізді. Ана үйіне келгенде ғана сәбидің денесінің сау жері қалмағанын байқаған.
Бұл оқиға бүлдіршін балабақшаға барған екінші күні болған. Қатты қорқып қалған бала бірнеше күн ұйықтай алмай, ауырсынудан жылап шыққан.
Камераны көрсетпей отыр, бақшада ешкім жедел-жәрдем шақырмаған. Тәрбиешілер жай ғана баланы ата-анасына табыстап, «бетін тістеп алыпты» деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым, - деп дейді анасы.
Анасы аудандық полиция бөліміне шағым түсіріп, істің жабылып қалуынан қауіптеніп, журналистен көмек сұраған. Кейін видеоны желіден алып тастауын өтінген. Отбасы көпбалалы әрі әлеуметтік жағдайы төмен.
Оқиғаға байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қызылорда облысының білім басқармасы жағдайды ерекше бақылауға алған. Балабақша тәрбиешісіне қатысты шара қолданылды, ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Тоғанова да бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын және кейінірек нақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев