Шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан – президент

5 Қазан 2022, 11:12 2562

Бұл туралы ол Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор.

Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу: