05.06.2022
13:03
1533
Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны бақылау комиссиясы құрылды

Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны бақылау комиссиясы құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады. Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды», - делінген хабарламада.