Шетелге шығуды жоспарлаған әрбір адам өз жоспарының сәтті жүзеге асуына және кедергілер болмайтынына сенімді болуды қалайды. Алайда, кейбір қарыздар шетелге шығуға шектеу қоюға негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелге ұшу алдында әрбір жолаушы әуежайда кедендік және төлқұжаттық бақылаудан өтуі тиіс. Бұл рәсім елдің шекарасын кесіп өтетін барлық азаматтар үшін міндетті шара.
Төлқұжаттық бақылау – шекара қызметінің қызметкерлері жолаушының жеке басын және оның құжаттарының жарамдылығын тексереді. Мұнда төлқұжаттың қолдану мерзімі, визаның бар-жоғы (визалық елдер үшін), сондай-ақ шетелге шығуға шектеудің болмауы (қарыздар немесе сот шешімдері бойынша) тексеріледі.
Кедендік бақылау – жолаушының өзімен бірге алып өтетін заттары мен жүгі тексеріледі. Бұл рәсім елге әкелуге немесе елден шығаруға тыйым салынған заттарды болдырмауға бағытталған. Жолаушылар қол жүгі мен багажында құнды заттар, шетел валютасы немесе декларциялауға тиісті басқа да мүлік бар болса, оларды декларация арқылы көрсетуі тиіс.
Осы бақылаулардан сәтті өткеннен кейін ғана жолаушы ұшаққа отыруға рұқсат алады.
Ал қандай да бір кедергілердің алдын алу мақсатында азаматтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тез әрі оңай тексере алады.
Шетелге шығуға қойылатын шектеудің басты себебі – қарыздардың болуы. Мұндай қарыздар қатарына төленбеген салықтар, айыппұлдар, алименттер, коммуналдық қызметтер бойынша берешектер, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы құжатпен расталған міндеттемелер жатады.
Еgov.kz порталында сервисті пайдалану үшін:
eGov Mobile қосымшасында сервисті пайдалану үшін:
Шетелге шығуға шектеулер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда немесе сот тиісті өндіріп алу туралы қаулы шығарған болса алимент төлемдерінің мерзімі 3 айдан асып кеткен жағдайда қолданылады. Сотпен бекітілген сот орындаушысының қаулысы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жіберіледі, олар шекарадан өту мүмкіндігін бұғаттайды.
Қызмет тегін көрсетіледі және жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді.
Сондай-ақ, шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі АІЖО ААЖ арқылы «Шетелге шығуға тыйым салу» бөлімінен тексеруге болады.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Әділет министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.