13.05.2025
11:48
1201
Шетелдіктер асырап алған қазақстандық қыздар Астанаға келді

Шетелдіктер асырап алған қазақстандық қыздар Астанаға келді

12 мамырда 20 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған қарғандылық қыздар Астанаға келді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 қазақ қызы асырап алған өгей аналары Шаронмен бірге келген. Оларды белгілі журналист Гүлмира Дайрабай әуежайдан қарсы алды. 

2021 жылы мен АҚШ-та оқуда жұргенде Sharonмен танысып, біздің қазақ қыздарын көрдім. Кейін олармен жақын араласып, 15-інші немересін қырқынан шығарып, ағайын сияқты араласып кеттік. Бұл туралы документалдық фильм youtube желісінде бар.Sharon маған хабарласып, «қалай болады екен?!» деп уайымдап, қыздарымен 20 жылдаң кейін бірінші рет келіп тұр, - деп жазды журналист желідегі парақшасында.

Қыздардың есімі – Зарина, Индира, Суйкімді, Эльвира және Найля.

Бірнеше аптаның ішінде бұрынғы қарағандылықтар, ал қазір АҚШ азаматтары өздері туып-өскен елді жақсырақ танып, олардың түп-тамырымен танысатын болады.