18.03.2025
16:49
794
Шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалар тізілімі жарияланды

Шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалар тізілімі жарияланды

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығында шетелден қаржыландыру алған тұлғалардың тізілімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, 2023-2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны 295-ті құрады, оның ішінде тұрақты түрде – 118 тұлға, мерзімді – 96, бір реттік – 81 тұлға.

2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд теңге сомасына 267 тұлға ұсынды (2023 жылғы 1 жартыжылдықта - 14,3 млрд теңгеге 239 адам, 2023 жылғы 2 жартыжылдықта - 14,4 млрд. теңгеге 192 адам).

2024 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд.теңге сомасына 218 тұлға ұсынды (2024 жылғы 1 жартыжылдықта - 13,6 млрд теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта - 13,6 млрд теңгеге 200 адам), - делінген мәліметте.

Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.