Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау мәдениеті туралы айтты

19 Наурыз 2023, 11:53 1042

Әзірбайжан мен Грузия елінен келген байқаушылар Қазақстанның Мәжіліс пен маслихат депутаттарын сайлауы басқа елдерден ерекше өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда сайлау мәдениеті қалыптасқан. «Барлығына қарсымын» пунктінің енуі үлкен ерекшелік. Бұл басқа мемлекеттермен салыстырғанда үлкен өзгешелік деп айтуға болады. Яғни, қоғам мүшелері таңдау арасында қалмай, азаматтық құқық толық қорғалады. Қарсылығын білдірген сайлаушылардың да дауысы есепке алынып, қорытынды кезінде саяси шешім шығаруға септігін тигізеді. Әлеуметтанушылар үшін бұл өте маңызды, - деді Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов.

Дауыс беру уақыты басталғаннан бері 12 учаскеде болған Вахтанг Маисая өзінің бақылау пікірімен бөлісті.

Бүгінгі ауа райына және жексенбі екеніне қарамастан сағат 08.00 кезінде дауыс берушілер саны 10-12%-ды құрады. Бұл Қазақстан азаматтарының міндеттерін алдыңғы қатарға қоятындығын көрсетті. Оған қоса жастардың да белсенді екенін көру көңіл қуантады. Демократизация процесі жастарға тікелей байланысты. Бөл үлкен көрсеткіш, - дейді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: