Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды

Кеше, 13:35 244

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz- El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапқан. Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды.

Қала әуежайында пошла жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: